«Халық алғысы» медалімен марапатталды
Коронавирус пандемиясы кезінде денсаулық сақтау саласы мен полиция қызметкерлері алдыңғы шепте «күресті». Талай жанның өміріне араша түсіп, күн-түн демей, еңбек еткен бүгінгінің батырларын аудан әкімі «Халық алғысы» медалімен марапаттады.
Әкім Қ.Қашқимбаев: «Қиын-қыстау кезеңде өз өмірлеріңізге төнген қауіпке қарамастан халықтың жанынан табылып, қолдау көрсетіп, жәрдем болғандарыңызға халық атынан алғысымды білдіремін», – деп медицина қызметкерлері Ж.Әбеуова, Г.Құраметова, Г.Мәкеева, Ж.Казиеа, Е.Сембаев пен учаскелік полиция инспекторы Ш.Шыныбековке төсбелгілерін табыстады.
«Халық алғысы» медалі пандемияға қарсы күрестегі қажырлы еңбегі үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын көтермелеу мақсатында биыл 14 қыркүйекте Қазақстан Президентінің N 412 Жарлығымен бекітілген.
✅
Награжден медалью «Народная благодарность».
Во время пандемии коронавируса медработники и полицейские «сражались» на передовой. Аким района наградил медалью «алык алgысы» сегодняшних героев, которые день и ночь трудились, спасая жизни многих людей.
Аким К. Кашкимбаев: «От лица народа хочу поблагодарить вас за поддержку и помощь, несмотря на опасность для вашей жизни в тяжелые времена». Награждены:
🏅Руководитель ЕММБ Жамиля Абеуова;
🏅Врач онколог ЕММБ — Сембаев Ербосын
🏅Главный менеджер по сестринскому делу ЕММБ — Казиева Жанар.
А так же. Г. Кураметова, Г. Макеева, и участковый инспектор полиции Ш. Шыныбеков.
Медаль «Халык Алгысы» утверждена Указом Президента РК N 412 от 14 сентября текущего года для поощрения граждан Республики Казахстан за их усердный труд в борьбе с пандемией.