Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасының ұжымы атынан Мемлекеттік маңызды мереке — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіз Мемлекетімізді бүкіл әлем алдында мойындатқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне белгіленген бұл күн біз үшін өте маңызды әрі тарихи мереке. Елбасының денсаулық сақтау саласын ерекше бағалауы арқасында, толыққанды қамтамасыз етуі нәтижесінде ақ халатты абзал жандар әр науқасқа дер кезінде көмек көрсету мүмкіндігіне қол жеткізді. Медицина саласының дамып-өркендеуі — кемелді саясат пен жан-жақты қолдаудың жемісі. Әр аудан тұрғынына қол ұшын соза отырып, аурудың алдын алу біздің парызымыз. Осы елеулі мерекемізбен құттықтай отырып, әр отбасына амандық пен саулық, жақсылық және жетістік тілеймін. Әріптестеріме қазіргі сынақтан сүрінбей өтіп, ауыр індетпен күресуде жеңіске жетумізді тілеймін. Құрметпен, Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасының директоры Жамиля Абеуова