Еңбегіне қарай құрмет! Алматы облысының әкімі Амандық Баталов көктемгі мереке қарсаңында облыстағы елеулі еңбек үлесін қосқан және белсенділігімен танылған нәзік жандарды 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Үздіктер арасында Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасының директоры Жәмилә Әбеуова Құрмет грамотасымен марапатталды. Еңбекшіқазақ ауданы медицина қауымы атынан Жәмилә Санақкызын марапатымен құттықтаймыз, еңбегінің жемісті болуын, жеңісті жетістіктерге қол жеткізе беруін тілейміз.