ГКП на ПХВ "Енбекшиказахская многопрофильная центральная районная больница"

Халқының алғысына бөленіп, Еңбегі ел алдында еленіп, «Шапағат» құтты болсын дейміз Сізге, Жүріңіз әрқашанда қасымызда, Осылай тек құрметке бөленіп!

Халқының алғысына бөленіп,
Еңбегі ел алдында еленіп,
«Шапағат» құтты болсын дейміз Сізге,
Жүріңіз әрқашанда қасымызда,
Осылай тек құрметке бөленіп!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елімізде еңбегі сіңген азаматтарға құрмет көрсетіліп жатқан салтанатты шаралар өткізіліп жатыр.
Өз тарапымыздан жағымды әрі қуанышты жаңалықпен бөлісуді жөн көрдік. Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы мамандандырылған ауруханасы директорының орынбасары Гүлмира Байділдәқызы Отынбекова Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылдың 2 желтоқсанындағы Жарлығына сәйкес «Шапағат» медалінің иегері атанды. Осы зор марапаттың нағыз иегері Гүлмира Байділдәқызы клиниканың емдеу ісіне жетекшілік етеді, әрқашан өзінің жауапкершілігімен, әр науқас арашасысы ретіндегі адамгершілігімен, өз ісінің нағыз кәсіби маманы және медицина саласының майталманы ретінде танылған жан. Өткен жылдан бері ауыр індетпен күресу кезінде де Гүлмира Байділдәқызы бар қажыр-қайратын аямай, алдыңғы шепте қызмет атқарып, әріптестеріне кәсіби шеберлігін танытты. Әріптесіміз Гүлмира Байділдәқызын иеленген «Шапағат» медалімен құттықтай отырып, еңбегіне жеміс пен жетістік, отбасына береке мен бақыт, зор денсаулық тілейміз. Еңбегі еленіп, үлкен құрметке бөленген Гүлмира Байділдәқызын нағыз маман ретінде мақтаныш тұтамыз!