ГКП на ПХВ "Енбекшиказахская многопрофильная центральная районная больница"

2024 жылдың 23 және 26 қыркүйегі аралығында Қазақстан және Қытай елдері арасында бастапқы медико-санитарлық көмек (БМСК) саласында тәжірибе алмасу аясында қытай елінің делегациясы Қазақстанға ресми сапармен келді

2024 жылдың 23 және 26 қыркүйегі аралығында Қазақстан және Қытай елдері арасында бастапқы медико-санитарлық көмек (БМСК) саласында тәжірибе алмасу аясында қытай елінің делегациясы Қазақстанға ресми сапармен келді. Аталған шара Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) ұйымдастыруымен, ДДСҰ БМСК жөніндегі Еуропалық орталығы офисінің басшысы Мелитта Якаб және Арнолдс Юргутистің төрағалығымен өтті. Делегация БМСК жүйесін дамытудағы қазақстандық үлгілі тәжірибе ұсынатын медициналық мекемелердің жұмысымен танысты. Шараға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А.Ш.Альназарова, ҚХР денсаулық сақтау жөніндегі Ұлттық комиссияның БМСК бойынша департаментінің бас директорының орынбасары Чен Кай, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмат Тұрысбекұлы, сонымен қатар екі елдің денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері қатысты.
ДДСҰ ұйымдастырған ресми сапардың бағдарламасы аясында БМСК инновациялық жаңалықтарын енгізу және денсаулық сақтау жүйесінің трансформациясы, ДДСҰ аймақтары арасында ынтымақтастық арқылы БМСК нығайтуға арналған пленарлық жтһиналыстар мен панельдік дискуссиялар өткізілді.
Сонымен қатар, Қытай делегациясы Алматы қаласының №4 Қалалық емханасында атқарылатын шаралар, яғни қала тұрғындарына БМСК көрсетуді ұйымдастыру тәжірибесімен, БМСК жұмысының тиімділігі және пациенттерге жетекшілік етуге арналған сандық қосымшалардың жұмысымен танысты. Артынан делегация Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасының жұмысымен танысып, мобильді медициналық бригадалар қызметімен қатар, ауылдық деңгейдегі БМСК көмектің көрсетілу қызметін зерделеді.
Ресми іссапар денсаулық сақтау жүйесін ары қарай жақсартуға арналған Қытай және Қазақстан елдерінде іс жүзінде тәжірибелі түрде қолданылуы мүмкін қорытындылармен және басқа да мемлекеттерде БМСК дамытуды талқылауға, Қазақстанда БМСК көрсетілуін қаржыландыру мәселелеріне арналған сессиямен аяқталды.#Европейское бюро ВОЗ #Демонстрационная платформа #МЗ РК #ФСМС