Ата-аналарға арналған семинар: ВПЧ вакцинациясы — бала денсаулығын қорғау
2026 жылғы 10 қыркүйекте Еңбекшіқазақ ауданының Рахат атындағы мектебінде ата-аналарға арналған ақпараттық-ағартушылық семинар өткізілді.
Семинарды ЕМЦРБ-ның ФЗОЖ дәрігері Нсанбаева Арухан Салиевна өткізді.
Кездесудің негізгі тақырыбы — адам папилломавирусы (ВПЧ) және ВПЧ-ға қарсы вакцинацияның маңызы.

Семинар барысында ата-аналарға ВПЧ вирусы туралы, оның адам денсаулығына әсері және ВПЧ-мен байланысты аурулардың алдын алуда вакцинацияның маңызы туралы түсінікті түрде ақпарат берілді.
Сонымен қатар ВПЧ вакцинасының қауіпсіздігі мен тиімділігіне, вакцинациядан кейін болуы мүмкін қалыпты реакцияларға, қарсы көрсетілімдерге және ата-аналар арасында кездесетін вакцинацияға қатысты мифтерге ерекше назар аударылды.
Дәрігер вакцинацияның ауруды емдеу емес, аурудың алдын алуға бағытталған маңызды профилактикалық шара екенін атап өтті.
Ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты әрі сенімді жауаптар алды.
Кездесудің басты мақсаты — ата-аналардың медициналық сауаттылығын арттыру, балалардың денсаулығын қорғауға жауапкершілікті қалыптастыру және вакцинация туралы дұрыс ақпарат беру.
««Баланы бүгін қорғау — оның ертеңгі денсаулығын қорғау!»»
Спикер:
ЕМЦРБ ФЗОЖ дәрігері
Нсанбаева Арухан Салиевна

