Сентябрь 18 , 2026
ГКП на ПХВ "Енбекшиказахская многопрофильная центральная районная больница"

Жылжымалы медициналық комплекс (ЖМК)

Жылжымалы медициналық комплекс (ЖМК)
Медициналық көмек шалғай елді мекендердің тұрғындарына жақындай түсуде! 🚑
Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасының ЕМЦРБ мамандары елді мекендерге барып, тұрғындардың тұрғылықты жері бойынша қажетті медициналық тексеруден өтіп, мамандардың кеңесін алуына мүмкіндік береді.
🩺 ЖМК құрамында келесі мамандар жұмыс істейді:
* терапевт
* кардиолог
* стоматолог
* функционалдық диагностика дәрігері
* невропатолог
* офтальмолог
* зертханашы
* ЭКГ медициналық мейірбикесі
📍 Бүгін ЖМК мамандары Көктөбе ауылдық округіне қарасты Алмалы ауылындағы жұмыс сапарын аяқтайды.
📅 14–18 қыркүйек аралығында жылжымалы медициналық комплекс Көктөбе ауылдық округіне қарасты Қызылжар ауылының дәрігерлік амбулаториясында жұмыс істейді.
Тұрғындарды медициналық тексеруден өтіп, қажетті медициналық кеңес алуға шақырамыз. Медициналық көмек енді үйіңізге жақын жерде! 🩺
🌸 Әрбір тұрғынға қамқорлық танытып, медициналық көмектің қолжетімділігін арттырамыз!