Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен Флоренс Найтингейлдің екі жүз жылдығы құрметіне 2020 жыл орта буын медицина және акушерлік қызметкерлерінің Халықаралық жылы болып жарияланды. Яғни биыл дәрігерлердің ең жақын көмекшілері — мейірімді мейірбикелер, фельдшерлер, мейіржандар мен акушерлер жылы. Еңбекшіқазақ ауданы медицина қауымы атынан сіздерді 12 мамыр — Медбикелер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер біздің саладағы ең ауыр жұмысты барынша беделмен атқарып жүрген өз ісінің нағыз майталмандарысыздар. Сіздердің арқаларыңызда ең ауыр операциялар жасалады, емдеу шаралары жүргізіледі, жедел жәрдем көмегі көрсетіледі, шыр етіп дүниеге сәбилер келеді. Осы еңбектеріңіз әрқашан жемісті болсын, еліміздің денсаулық сақтау саласын жетілдіруде барынша бірігіп, жеңісті жетістіктерге қол жеткізетінімізге сенемін. Мереке қуанышын өздеріңізбен бөлісе отырып, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, отбасына шаттық пен қуаныш тілеймін. Құрметпен, Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасының директоры Жамиля Абеуова. ✅#еммб #Медбикелеркүнімен #Сднеммедсестёр
Опубликовано Многопрофильная межрайонная больница Понедельник, 11 мая 2020 г.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен Флоренс Найтингейлдің екі жүз жылдығы құрметіне 2020 жыл орта буын медицина және акушерлік қызметкерлерінің Халықаралық жылы болып жарияланды. Яғни биыл дәрігерлердің ең жақын көмекшілері — мейірімді мейірбикелер, фельдшерлер, мейіржандар мен акушерлер жылы. Еңбекшіқазақ ауданы медицина қауымы атынан сіздерді 12 мамыр — Медбикелер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер біздің саладағы ең ауыр жұмысты барынша беделмен атқарып жүрген өз ісінің нағыз майталмандарысыздар. Сіздердің арқаларыңызда ең ауыр операциялар жасалады, емдеу шаралары жүргізіледі, жедел жәрдем көмегі көрсетіледі, шыр етіп дүниеге сәбилер келеді. Осы еңбектеріңіз әрқашан жемісті болсын, еліміздің денсаулық сақтау саласын жетілдіруде барынша бірігіп, жеңісті жетістіктерге қол жеткізетінімізге сенемін. Мереке қуанышын өздеріңізбен бөлісе отырып, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, отбасына шаттық пен қуаныш тілеймін. Құрметпен, Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасының директоры Жамиля Абеуова.
✅
#еммб #Медбикелеркүнімен #Сднеммедсестёр