КГП НА ПХВ «ЕНБЕКШИКАЗАХСКАЯ МНОГОПРОФИЛЬНАЯ МЕЖРАЙОННАЯ БОЛЬНИЦА»

Қандай медициналық көмек халыққа жаппай тегін көрсетіледі?

Мемлекет бұрынғыша халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында базалық медициналық қызметтермен қамтамасыз етеді:

— Жедел және шұғыл медициналық көмек (қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызу);

— Емханаларда қызмет көрсету( әлеуметтік маңызы бар және созылмалы ауруға шалдыққан адамдарды терапевтің, оның ішінде бейінді мамандардың қабылдауы және кеңес беру, зертханалық қызметтер, диагностика, емдеу, вакцинация, скринингтер, 1 жасқа дейінгі балаларды патронаждау, жүктілікті жүргізу);

— Диагностика және емдеу: әлеуметтік мәні бар аурулар (туберкулез, АИТВ, психиканың бұзылуы, қатерлі ісіктер),

негізгі созылмалы аурулар (диабет, артериалық гипертензия, вирустық гепатит, ревматоидты артрит және т. б.),айналадағыларға қауіпті жіті жұқпалы аурулар.
Сондай-ақ, белгілі бір ауру мен жағдайлар бойынша диспансерлік есепте тұрған азаматтар тегін дәрі-дәрмек ала алады.

Емхана ТМККК пакеті бойынша медициналық көмек көрсетуден бас тартса, qoldau24/7 мобильді қосымшасы арқылы Қорға хабарласуларыңызды сұраймыз.


Какая медпомощь остается всегда БЕСПЛАТНОЙ для всего населения?

Государство по-прежнему обеспечивает население необходимым пакетом базовых медицинских услуг в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (ГОБМП):

— СКОРАЯ И НЕОТЛОЖНАЯ МЕДИЦИНСКАЯ ПОМОЩЬ (при необходимости госпитализации)

— ОБСЛУЖИВАНИЕ В ПОЛИКЛИНИКАХ (прием и консультации у терапевта, в том числе у узких специалистов при наличии социально-значимых и хронических заболеваний, лабораторные услуги, диагностика, лечение, вакцинация, скрининги, патронаж детей до 1 года, ведение беременности).

— ДИАГНОСТИКА и ЛЕЧЕНИЕ при:

✓ социально-значимых заболеваниях (туберкулез, ВИЧ, психические расстройства, злокачественные новообразования);
✓ основных хронических заболеваниях (диабет, артериальная гипертензия, вирусный гепатит, ревматоидный артрит и др.);
✓ острых инфекционных заболеваниях, опасных для окружающих.

Также, получить лекарства на бесплатной основе могут категории граждан, состоящие на диспансерном учете по определенным заболеваниям и состояниям.

В случае отказа в оказании медицинской помощи в пакете ГОБМП на уровне поликлиник, просим обратиться в Фонд через мобильное приложение Qoldau24/7.