ГКП на ПХВ "Енбекшиказахская многопрофильная центральная районная больница"

Құрметті аналар, асыл жандар, арулар! Сіздерді Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасының ұжымы атынан 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын.

Құрметті аналар, асыл жандар, арулар! Сіздерді Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасының ұжымы атынан 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуына нәзік жандардың елеулі үлес қосып отырғаны белгілі. Әр медициналық мекемеде жұмыс атқаратын басым көпшілігі — нәзік жандар, арулар. Сіздердің аяулы алақандарыңыз, мейірімге толы жүректеріңіз әр науқасқа қолдау көрсетеді, жылулық сыйлайды. Осы атқарып отырған ұшан теңіз еңбектеріңіз жемісті болсын, отбастарыңызда тек жақсылық пен амандық болып, әрқашан қуаныш пен бақытқа бөлене беріңіздер! Құрметпен, Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасының директоры Жәмилә Әбеуова.