ГКП на ПХВ "Енбекшиказахская многопрофильная центральная районная больница"

Ұлт болашағы — өз қолымызда! «Тәрбие — тал бесіктен басталады» деген ұстанымды басшылыққа алған м. ғ. д., профессор «Primary Health Care» Ұлттық Қауымдастығының Президенті ҰҒА корреспондент -мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ph.D-Жапония Шиман университетінің профессоры (Жапония)  visiting-manavbhartiuniversity professor (Үндістан) Master Practitioner of NLP- Erickson College (Vancouver, Canada) Төлебай Қосиябекұлы Рахыпбеков осы жылдың 31 қаңтарында Түрген ауылдық округының Әбіхан Жексембекұлы атындағы жалпы білім беру мектебінде біздің ауданымыздағы «Денсаулықты нығайту мектебінің» ашылу рәсіміне қатысып, өскелең ұрпақ пен ата-аналарға Денсаулықты нығайтатын мектептер мен балаларға арналған мейірімді дағдыларды қалыптастыру бағытында дәріс оқып, ұлт болашағының үмітін жалғайтын тәжірибесімен бөлісті.

Ұлт болашағы — өз қолымызда!
«Тәрбие — тал бесіктен басталады» деген ұстанымды басшылыққа алған м. ғ. д., профессор «Primary Health Care» Ұлттық Қауымдастығының Президенті ҰҒА корреспондент -мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ph.D-Жапония Шиман университетінің профессоры (Жапония)  visiting-manavbhartiuniversity professor (Үндістан) Master Practitioner of NLP- Erickson College (Vancouver, Canada) Төлебай Қосиябекұлы Рахыпбеков осы жылдың 31 қаңтарында Түрген ауылдық округының Әбіхан Жексембекұлы атындағы жалпы білім беру мектебінде біздің ауданымыздағы «Денсаулықты нығайту мектебінің» ашылу рәсіміне қатысып, өскелең ұрпақ пен ата-аналарға Денсаулықты нығайтатын мектептер мен балаларға арналған мейірімді дағдыларды қалыптастыру бағытында дәріс оқып, ұлт болашағының үмітін жалғайтын тәжірибесімен бөлісті. Игілікті шара ұлтымыздың танымал тұлғасы Әбіхан Жексембекұлының 85-жылдығына арналып ұйымдастырылған, тәрбиелік маңызды шараның болашақ ұрпаққа берер тәрбиелік маңызын ескерген аудан мен ауылдық округ басшылығы Дінмұхаммед Қонаев және Михаил Ломоносов атындағы жалпы білім беру мектептерінде аталған Денсаулықты нығайту мектептерінің ашылуына қолдау көрсетті. Біліктілік білімін жетілдіру мақсатында Ph.D, бикелер ісі кафедрасының меңгерушісі Динара Нұрғалиқызы Алыбаева «Мектеп медицинасы» тақырыбындағы дәрісімен таныстырып, денсаулық саласындағы өткір мәселелерге тоқталды. Әр адамның денсаулығы — өз қолында, басты байлықты қорғау — барлығымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Осындай ұлт болашағын қорғауға үлес қосатын Денсаулықты нығайту мектептері өскелең ұрпаққа басты бағдар береріне сенеміз!