ГКП на ПХВ "Енбекшиказахская многопрофильная центральная районная больница"

Мейірімділік –әлемді құтқарады. Мейірімді маман иелерінің мерекесі құтты болсын! 12 мамыр — медицина саласында елеулі үлес қосып жүрген, еңбегін ешкім алмастыра алмайтын алтын мамандық иелері — медбикелер күні.

Мейірімділік –әлемді құтқарады.

Мейірімділік –әлемді құтқарады. Мейірімді маман иелерінің мерекесі құтты болсын!
12 мамыр — медицина саласында елеулі үлес қосып жүрген, еңбегін ешкім алмастыра алмайтын алтын мамандық иелері — медбикелер күні. Осы кәсіби мереке қарсаңында Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасы ұжымының атынан күндіз-түні тынымсыз еңбек еткен мейірімді мамандық иелерін мерекелерімен құттықтаймын. Сіздердің еңбектеріңіз ұшан-теңіз, әр адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен алақандарын сезінеді. Сол жылы алақан мен мейірімді сөзімен, кәсіби біліктілігімен медициналық көмекті біздің мейірімді мейірбикелеріміз ғана бере алады. Медицина саласының ең жауапты жүгін көтеріп жүрген медбикелерімізді төл мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт пен береке, дендеріңізге саулық тілеймін. Құрметпен, Жәмилә Әбеуова.