Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасының ұжымы атынан Сіздерді ұлттық мерекеміз – еліміздің айрықша тарихи маңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік туын желбіреткен Республика күні еліміздің әр азаматына теңдік пен еркіндік, әлеуметтік қолдау сыйлады, егемендік пен саяси тұрақтылықтың кепіліне айналды.
Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, мол бақыт, амандық, толағай табыстар мен жетістіктер тілейміз! Құрметпен, Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасының директоры Жәмилә Әбеуова.