ГКП на ПХВ "Енбекшиказахская многопрофильная центральная районная больница"

2024 жылдың 25 қыркүйегінде ДДСҰ БМСК жөніндегі Еуропалық орталығы офисінің басшысы Melitta Jakab төрағалығымен және Arnoldas Jurgutis қатысуымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ҚХР денсаулық сақтау жөніндегі Ұлттық комиссияның БМСК бойынша департаментінің бас директорының орынбасары Чен Кай бастаған қытай делегациясының Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасына (ЕКОАА) ресми іссапарын ұйымдастырды.

2024 жылдың 25 қыркүйегінде ДДСҰ БМСК жөніндегі Еуропалық орталығы офисінің басшысы Melitta Jakab төрағалығымен және Arnoldas Jurgutis қатысуымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ҚХР денсаулық сақтау жөніндегі Ұлттық комиссияның БМСК бойынша департаментінің бас директорының орынбасары Чен Кай бастаған қытай делегациясының Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасына (ЕКОАА) ресми іссапарын ұйымдастырды. Делегация Қазақстандағы ауылдық аудандарда БМСК көрсетілуін ұйымдастыру және дамыту бойынша үздік тәжірибе үлгісімен және жұмысты оңтайлы ұйымдастыруымен танысты.
Ресми сапар барысында Қытай елінен келген қонақтарымыз көпсалалы командалардың жұмысының қазіргі заманға сай әдістерімен, пациенттің бағыт-бағдарымен және алыс аймақта орналасқан аудандарда көмек көрсетуге арналған мобильдік медициналық көмектің тиімді жолдарымен танысты.
Аталған кездесу Қытай және Қазақстан елдері арасында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және бастапқы медико-санитарлық көмекті дамытуға арналған маңызды қадам болып табылады.#Европейское бюро ВОЗ #Демонстрационная платформа #МЗ РК #ФСМС