Пациент тарихы: уақтылы көрсетілген медициналық көмек және оң динамика
Төрт жасар пациент Делиана Еңбекшіқазақ көпбейінді орталық аудандық ауруханасының реанимация және қарқынды терапия бөлімінде ем қабылдады.
Пациент басқа медициналық мекемеден аса ауыр жағдайда ауыстырылып, оған сепсиспен асқынған скарлатина, полиағзалық жеткіліксіздіктің дамуымен диагнозы қойылды.
Ауруханаға жатқызылған күннен бері 32 күн өтті. Уақтылы көрсетілген медициналық көмек, тұрақты бақылау және кешенді ем нәтижесінде баланың жағдайы тұрақтанды, оң динамика байқалады.
Қазіргі уақытта пациент одан әрі қалпына келу және оңалту шараларын жалғастыру үшін Бәйдібек би ауылының оңалту орталығына ауыстырылды.
Пациенттің анасы аурухананың медицина қызметкерлеріне кәсіби біліктілігі, науқасқа көрсеткен мұқият қарым-қатынасы және медициналық көмегі үшін шынайы алғысын білдірді.
❤️ Делианаға тезірек сауығып, мықты денсаулық тілейміз!

