Сентябрь 18 , 2026
ГКП на ПХВ "Енбекшиказахская многопрофильная центральная районная больница"

ЕКОАА-да Қытай Халық Республикасының делегациясымен кездесу өтті

ЕКОАА-да Қытай Халық Республикасының делегациясымен кездесу өтті

Еңбекшіқазақ ауданында Еңбекшіқазақ көпсалалы ауруханасының өкілдері мен Қытай Халық Республикасынан келген делегация арасында жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында денсаулық сақтау саласында тәжірибе алмасу ұйымдастырылды. Қытай тарапынан келген өкілдер Қытайдағы заманауи медицинаның дамуы, озық медициналық технологияларды енгізу, диагностика мен емдеудің заманауи әдістері, сондай-ақ медициналық ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру тәжірибесі туралы ақпарат берді.

Өз кезегінде, біздің аурухананың өкілдері медициналық мекеменің қызметі, негізгі жұмыс бағыттары, халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру және қол жеткізілген нәтижелер туралы презентация ұсынды.

Кездесу барысында қатысушылар денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасты және қызықтырған сұрақтарын қойды. Сонымен қатар қонақтарға аурухананың жекелеген бөлімшелерінің жұмысы көрсетіліп, мекемеде медициналық көмек көрсету барысында қолданылатын әдістер таныстырылды.

Аталған сапар екі елдің медицина мамандары арасында кәсіби қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген маңызды алаң болды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі ынтымақтастықты дамытуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және денсаулық сақтау саласындағы тәжірибе алмасуды жалғастыруға қызығушылық білдірді.